Шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңіне кімдер қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — 23-25 қазан аралығында Канаданың Ванкувер қаласында шорт-тректен әлемдік турдың алғашқы кезеңі өтеді, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

а
Фото: ҰОК

Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жариялаған тізіміне сәйкес, бұл жарыста Қазақстан атынан 12 спортшы өнер көрсетеді. Олардың алтауы — ерлер, алтауы — әйелдер.

Қазақстан құрамасы:

Әйелдер: Алина Әжіғалиева, Анастасия Галечина, Зейнеп Құмарқан, Полина Омельчук, Малика Ермек, Гүлдана Жалмұхан.

Ерлер: Глеб Ивченко, Айбек Насен, Айбек Темірхан, Мақсат Уалилла, Богдан Вехов, Тамирлан Жолдас.

Айта кетейік, әлемдік турдың екінші кезеңі де Канадада өтеді. Ол Монреаль қаласында ұйымдастырылады.

Бұған дейін Шорт-трек шебері Абзал Әжіғалиев спортшы ретінде мансабын аяқтағанын жаздық.