Шорт-тректен ел чемпионатында БҚО құрамасы екінші орынға ие болды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында шорт-тректен өткен ел чемпионатында БҚО құрамасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
None
None

Шорт-тректен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Максим Лозовойдың айтуынша, төрт жас ерекшелігіне қарай өткен аталмыш біріншілікке БҚО-дан басқа Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан командалар қатысып, бақ сынады.

Жарыс қорытындысында М.Лозовоймен бірге бапкерлер Данабек Қайыров, Ерхат Құбашев дайындап апарған БҚО құрамасы 5 алтын, 9 күміс, 11 қола жүлдені жеңіп алды.

Кіші топтағы жасөспірімдер арасында құрамында Әлихан Қанат, Шыңғыс Ермек, Әлібек Ғұбаев, Мақсат Уәлиолла бар төрттік эстафеталық жарыста чемпион атанды. Сол секілді кіші топтағы қыздар арасында Нарғыз Омарова, Алина Әжіғалиева, Гүлбағым Қали эстафетадан бірінші келді. Орта жастағылар арасында эстафеталық сында Әлішер Әбілқатымов, Саят Дакишев, Есей Ибраев, Ерсінхан Аймырза және Рената Құлпердесова, Анеля Керей, Ақбота Сағдиева екінші орыннан көрінді.

Жекелей сында кіші топтағы қыздар арасынан Алина Әжіғалиева 333 және 500 метр қашықтықта жеңімпаз атанса, 777 метрден мәреге үшінші болып жетті. Нарғыз Омарова 777 метрден бірінші, 500 метрден екінші, 333 метрден үшінші орынға көтерілді.  Қыздар арасында Гүлдана Жалмұқан 500 метрден күміс, 333 метрден қола жүлдені олжалады. Орта жастағы жасөспірімдер арасында Әлішер Әбілқатымов 1 мың метрден, Есей Ибраев 777 және 1 мың метрден үшінші орынды еншіледі. Кіші топтағылардан Әлихан Қанат 777 метрден үшінші, 333 метрден екінші, Шыңғыс Ермек 333 және 500 метрден үшінші орынға ие болды. Балалар арасында Мерхат Тұрарбеков 500 метрден күміс, 222 және 333 метрден қола жүлдені қанағат тұтты. 

Соңғы жаңалықтар