Шорт-тректен ІІ қысқы спартакиада жарысында батысқазақстандықтар жеңіске жетті

ОРАЛ. Наурыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында ересектер арасында шорт-тректен Қазақстанның ІІ қысқы спартакиада жарысы мәреге жетті,

Шорт-тректен ІІ қысқы спартакиада жарысында батысқазақстандықтар жеңіске жетті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жалпыкомандалық есепте батысқазақстандықтар 666 ұпаймен жеңіс тұғырына көтерілсе, қостанайлықтар (576 ұпай) ? екінші, Алматы қаласы өкілдері (558) үшінші орынды еншіледі. Жекелей сында да батысқазақстандық шорттрекшілер ешкімге дес бермеді. Артур Сұлтанғалиев 1500 метр қашықтықта топ жарса, Айдар Бекжанов 500, 1000 және 3000 метрден жарыста алда болды. Әйелдер арасында батысқазақстандық Инна Симонова 500, 1000, 1500 және 2000 метр, яғни барлық қашықтықта жеңімпаз атанды. Сондай-ақ елдің маңдайалды шорттрекшілері саналып жүрген Азамат Сұлтанәлиев, Аслан Даумов, Лиза Сигуленкова, Ксения Мотова (бәрі де Батыс Қазақстаннан), Андрей Сметанин (Алматы), Дарья Волокитиналар да (Қостанай облысы) жүлделі орындарға ілікті. Қазақстан құрамасының шеберлігін еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков шыңдаса, БҚО командасының жеңіске жетуіне аға бапкер Жасұлан Мұхамбетқалиевтің үлесі мол.