Шорт-тректен қола жүлдеге қол жеткізгендер арасында батысқазақстандық спортшылар да бар

ОРАЛ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Бүгін 7-Қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 3 мың метр қашықтықта әйелдер арасындағы эстафеталық жарыста Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді.

Шорт-тректен қола жүлдеге қол жеткізгендер арасында батысқазақстандық спортшылар да бар

Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мәдіғали Қарсыбеков баптайтын Инна Симонова, Ксения Мотова, Дарья Волокитина және Анна Самарина қытай, оңтүстіккореялық қыздарды алға жіберіп, үшінші орынға көтерілді. Сөйтіп олар аса күшті саналатын жапондық қыздардан басым түсті. И.Симонова мен К.Мотова Орал қаласынан.

Қазақстандық шорт-трекшілер мұндай табысқа тұңғыш рет қол жеткізіп отыр.