Шортанды ауданында 13 көлік жол апатына ұшырап, екі адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 29-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Кеше Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданы аумағындағы Астана-Бурабай автобанда 13 көлік жол апатына ұшырап,

Шортанды ауданында 13 көлік жол апатына ұшырап, екі адам мерт болды

алты адам дене жарақатын алып, екеуі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жол полициясы басқармасының деректеріне сілтеме жасап.

Республикамыздың басты жолындағы мұндай апатты жағдай бірінші рет тіркеліп отыр. Ол ауа райының күрт өзгеріп, бет қаратпас қарлы боран салдарынан орын алған көрінеді. Жайсыз хабар жетісімен жол полициясы, төтенше жағдайлар, медициналық қызметтер тиісті көмек қолын ұсынып, иін тірескен көліктер қозғалысын қамтамасы еткен. Жол үстінде соқтығысқан көліктер Астанадан, Ақмола, Қостанай облыстары аудандарынан шыққан жолаушылар көрінеді. Қазір апатты жағдайдың жай-жапсары анықталу үстінде.

Жалпы облыс аумағында жыл басынан бері 51 жол көлік оқиғасы тіркеліп, онда 18 адам дүниеден озып, 16-сы әртүрлі дене жарақаттарын алған.