Шортанды ауданында өрттен бір адам мерт болды

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 31-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданы аумағындағы Научный кентінде өткен түнгі сағат біржарым кезінде тұрғын үй өрт құшағында қалып, бір адам мерт болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тілсіз жау үйдің төбесі мен еденін, жиһаздар мен төсек- орындарды жалмап кеткен. Жанған қоқыс арасынан 1934- жылғы әйелдің өртенген мәйіті табылған. Қазір құзырлы орган қызметкерлері өрттің себеп-салдары мен келтірілген зиян мөлшерін анықтауда.

Соңғы жаңалықтар