Шортанды ауданында жаңа жүзу бассейні ашылады

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Шортанды ауданында жаңа жүзу бассейні ашылады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысы Сергей Кулагиннің ауданға жұмыс сапары барысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Шортанды ауданында жаңа жүзу бассейні ашылады

null

Құны 345 миллион теңгені құрайтын бассейннің құрылысы осыдан екі жыл бұрын қолға алынған болатын. Қазіргі кезде, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, іске қосу алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бассейннің ауданы 25×11 метр, тереңдігі - 1,4 метр. Нысанда уқалау, дəрігер жəне душ бөлмелері мен тренажер залы бар. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандардың да бассейнге келіп, суда жүзулеріне барлық жағдай жасалынған.

null  

Осы ретте, аймақ басшысы Сергей Кулагин қаңтардың соңына дейін нысанды пайдалануға беруді тапсырды.

Бассейннің ашылуы өңірде суда жүзу спортының дамуына септігін тигізбек.  Бүгінде ауданда салауатты өмір салтын ұстанатындар саны 7,5 мыңнан асып түседі.

null

Ауданда 79 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 4 хоккей корты, 46 футбол алаңы мен 28 спортзал бар. Қысқы және жазғы спартакиадалар аясында аудандық дене шынықтыру бөлімі спорттың 25 түрі бойынша сайыстар өткізеді. 

null

null null null