Шортандыда елдің бірлігін нығайтып, дәстүрін насихаттаған мәдени іс-шара өтті

None
Фото: Қалиақбар Үсемхан
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамыр Қазақстан халқынң бірлігі күні қарсаңында Ақмола облысына қарасты Шортанды ауданының Жолымбет кентінде «Ата дәстүр асыл қазынам» атты бай мазмұнды халықтық мәдени шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл тұрғындарының рухани дүниесін байытып, халық спортын жандандыру мақсатында өткізілген бұл іс-шарада арқан тарту, қол күрес, жілік сындыру, ат бәйгесі, балуандар күрес, қыз қуу, жаяу жарыс (жүгіру) сынды спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ауыл өнерпаздары шағын концерт қойып, іс-шараға жиналған көптің көңілін көтерді.

- Біз бұл шараны Ораза айт мерекесі күні өткізуді жоспарлаған едік. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгін, яғни бірлік күні қарсаңында өткізіп жатырмыз. Әс-шараны өткізуге ауылымыздың белсенді азаматтары ұйтқы болды. Ауыл тұрғындары да айрықша ықылас танытып, ортақ іске аянбай атсалысты. Біз бұл іс-шараны аулымыздың бұқаралық спортын жандандырып, ат спорты ойындарын дамытуға күш салу мақсатында ұйымдастырдық. Мұндай игіліктер алдағы уақытта да жалғасын тапса дейміз. Аудан, облыс жағынан кенттерде осындай жұмыстар ұйымдастырып, өткізіп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді,- деді осы іс-шараны ұйымдастырған белсенді азаматтардың бірі Берденбек Тоқай.


Соңғы жаңалықтар
telegram