Шортандыдағы қазақ мектебі республикалық байқауда үздік атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысындағы ауыл мектебі республикалық «Үздік ресурстық орталық» байқауында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Шортандыдағы қазақ мектебі республикалық байқауда үздік атанды

Ы.Алтынсарин атындағы білім берудің ұлттық академиясы шағын мектептерді дамыту орталығы мен Павлодар облыстық білім басқарамасы бірлесіп ұйымдастырған семинар – байқауға он облыстан мектептер қатысты.

Шараның шағын мектептер арасында өзара байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, ресурстық орталықтар жұмысы мен білім беру қызметінің сапасын аттыруға бағытталған.

«Байқауға Ақмола облысы атынан Шортанды ауданындағы №3 қазақ мектебі қатысып, үздік атанды», дейді басқарма.