Шошқаның еті жаппай тәртіпсіздікке себеп болды

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Үндістанның Майсур қаласында мешітке әкеп тасталған шошқаның еті жаппай тәртіпсіздікке себеп болды,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті мұсылмандар индуистердің «арандатушылығын» айыптады. Осының салдарынан қала көшелерінде төбелес басталды. Тәртіпсіздік барысында ондаған адамдар жарақаттанды. Полиция тәртіпсіздікке қатысушыларды мылтықтың, көзден жас ағызатын газдың және бамбук таяқтардың көмегімен таратты.

Қақтығыстың қайталануын болдырмау үшін қалада коменданттық сағат енгізілді.

Соңғы жаңалықтар