Шотландия 2014 жылы Ұлыбританиядан еншісін алуы мүмкін

АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Ұлыбритания мен Шотландия басшылары 2014 жылы референдум өткізу туралы келісімге қол қойды,  онда шотландтық аумақтың Біріккен корольдіктен тәуелсіздігі мәселесі шешілетін болады.
None
None

Бұл туралы «Великая эпоха» сайты хабарлады. «Эдинбург» келісім деп аталатын құжатқа 2012 жылғы 15 қазанда қол қойылды.

Референдумда шотландтықтардың Ұлыбританиядан толық тәуелсіздік алуы үшін дауыс беруге мүмкіндігі болмақ. «Иә» немесе «жоқ» деген бір ғана сұраққа жауап беру қажет. Дауыс беруге ересек адамдармен қатар Шотландияның бөлінуін жақтайтын 16-17-лердегі  жастар да қатыса алады.

Референдум 2014 жылға белгіленіп отыр. Бұл оқиға Бэннокберндегі ұрыстың 700 жылдығына орайластырылып отыр. Бұл соғыс Шотландияның азат етілуі жолындағы күрестің шешуші шайқасы болған еді. Бұл ұрыста Англия алғаш рет елеулі жеңіліс тауып, Шотландияның тәуелсіздігін нығайтуға негіз қаланды.

Референдумға Шотланд ұлттық партиясы бастамашы болды. Бұл партия Шотландияның Біріккен Корольдіктен тәуелсіздік алуы үшін 80 жылға жуық уақыттан бері күресіп келеді. Осындай ұрандарының арқасында өткен жылы ұлттық партия жергілікті парламентте көпшілік дауысқа ие болған еді.

Соңғы жаңалықтар