Шотландия астанасында балалар киіз үйде оқытылады
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Таяу уақыттан бері Эдинбургтің балаларға білім беру орталықтарының бірінде оқытудың бірегей әдістемесі қолданылуда.
Мұндағы оқушылардың сурет салып, ән айтып, басқа да тәсілдермен өздерінің шығармашылық әлеуеттерін кеңінен танытуға мүмкіндік беретін өз киіз үйлері пайда болды, - деп хабарлайды BNews.kz «Экспресс-К» басылымына сілтеме жасап.
Cowgate Under 5s білім беру орталығындағы ортаазиялық киіз үй - барлық Эдинбургте алғаш тігіліп отыр. Шатерге 12-ден 16 балаға дейін сияды. Жаңалыққа балалар ғана емес, педагогтардың өздері де риза болып, таңданыстарын жасырмайды.
«Киіз үйдің балалардың жеке кеңістігін қамтамасыз етуде маңызы зор. Біздің ойымызша, балалар біріге алатын орынның болғаны қажет. Үлкен адамдар киіз үйдің ішіне тек балалардың өздері шақырса ғана, кіре алады. Киіз үйдің ішіне балалар отыратын қалың көрпелер төселген, тамақ дайындайтын шағын оттық шілтерлері бар. Бұл шынында да керемет орын!», - деп бөлісті ойын Cowgate Under 5s орталығының басшысы Линн МакНейр.