Шотландия тәуелсіздігін жақтайтындардың саны 51%-ға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы әлеуметтік сауалнама Шотландия тәуелсіздігін жақтайтындардың саны алғаш рет қарсыластарынан басым түскенін көрсетті, деп хабарлады www.24.kz.

Шотландия тәуелсіздігін жақтайтындардың саны 51%-ға жетті

Шотландия тұрғындарының 51 пайызы Ұлыбританиядан бөліну үшін дауыс беруге дайын екенін білдірген. Ал бұдан бір ай бұрын ғана бөлінбей, бір мемлекетте қалуды қалайтындар қатары 22 пайызға артық болатын. Сарапшылардың пікірінше, тәуелсіздік жақтастары жастардың арқасында көбейген. Өйткені дербестікке ие болса, конституцияда тегін жоғары білім алу құқығын бекіту уәде етілген. Шотландияның тәуелсіздігі жөніндегі референдум 18 қыркүйекте өтуі тиіс. Егер халықтың көпшілігі Ұлыбритания құрамынан шығуға дауыс берсе, Шотландия 300 жылға ұласқан Англиямен одақтастық аясынан шығып, тәуелсіз мемлекетке айналуы мүмкін.