Шотландия тәуелсіздігін жарияласа, фунт стерлингті қолданыстан шығаруға мәжбүр болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық қаржы министрлігінің басшысы Джордж Осборн өз ведомствосының Шотландия тәуелсіздік жариялаған жағдайда оның фунт стерлингті негізгі валюта ретінде пайдалануын қолдамайтынын мәлімдеді, деп жазады РБК.

Шотландия тәуелсіздігін жарияласа, фунт стерлингті қолданыстан шығаруға мәжбүр болмақ

«Егер Шотландия Лондоннан кетсе, ол фунттан да айырылады. Бірыңғай валютаның сақталуы Шотландияның да, Британияның қалған бөліктерінің де экономикалық қорғалуын қамтамасыз ете алмайды. Керісінше, бұл біздің бірталай жұмыс орындары мен қаражатымыздан айырылуымызға себеп болады», - дейді елдің қазынашылық канцлері.

Сондай-ақ Осборн бірыңғай валютаны - фунт стерлингті сақтау екі елдің банктерінің одақтасуын және фискальді қатерлерді бөлісуді талап ететінін атап өтті.

«Лондонның қаржылық және салық саясаты Шотландияға еш тәуелді болуға тиіс емес», - деді ол.