Шотландия Үкіметінің басшысы отставкаға кетті
АСТАНА. ҚазАпарат - Шотландияның Ұлыбританиядан бөліну науқанына басшылық жасаған елдің бірінші министрі Алекс Салмонд отставкаға кететіндігін жария етті, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Оның атап өтуінше, Үкіметтегі жұмысы өміріндегі ең құрметті қызметтердің бірі болған. Сонымен қатар ол референдумға халықтың барынша көп қатысқандығын әрі ол бүкіл әлемдегі жоғары деңгейде өткізілген шара болғандығын баса айтқан.
Айта кетерлігі, сәл ертерек Салмонд жеңіліске ұшырағандығын мойындап, тәуелсіздік үшін дауыс берген 1,6 млн. азаматқа алғысын білдірген еді.
Жалпы, елдің Ұлыбританиядан бөлініп шығуын Данди қаласы тұрғындарының 57,35 пайызы қолдаған еді. Ал Шотландия астанасы Эдинбург қаласының тұрғындары бөлінуге қарсы шыққан болатын.