Шотландияда әбжылан жоғалып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияның Абердине қаласында ұзындығы 1,4 метр питонды полиция іздеп жатыр, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.
None
None

Краун-стрит ауданында жоғалған жылан үйде ұсталып келген. Полицияның мәлімдеуінше питон усыз әрі тұрғындарға қауіп төндірмейді. Жергілікті билік, тұрғындардан бауырымен жорғалаушы туралы мәлімет болса хабарлауын сұрады.

Королева питоны (лат. Python regius) - Батыс және Орталық Африкада таралған усыз жылан. Ол питон түрлерінің ішінде ең кішкенесі, оның ұзындығы бір жарым метрден аспайды. Сондықтан адамдар оны үйде өсіруге қолайлы деп санайды. 

Соңғы жаңалықтар