Шотландияда пойыз өртеніп, үш адам қаза тапты

ЛОНДОН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Шотландиядағы Абердиншир округінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, үш адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат британдық көлік полициясының сайтына сілтеме жасап.

Шотландияда пойыз өртеніп, үш адам қаза тапты

Қаза тапқандардың бірі - пойыз машинисі. Алты адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сәрсенбі күні таңертең Ұлыбритания көлік полициясы жергілікті уақыт бойынша сағат 09:43 қаланың Стоунхейвен ауданында пойыздың рельстен шығып кеткендігі туралы деректер түскендігін мәлім еткен.

Ал Би-би-си соло жерде аспанға қою түтіннің көтерілгенін, өрт болып жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына оншақты полиция машинасы, өрт сөндіру бөлімшелері және жедел жәрдем көліктері, сондай-ақ құтқару тікұшағы келіп жеткен.

Press Association дереккөзінің мәліметтеріне қарағанда, келеңсіз жағдайға Шотландияның солтүстігінде толассыз жауған жауын салдарынан болған көшкін себеп. Локомотив және төрт вагон рельстен шығып кетіп, аударылған.