Шотландияда Шекспирдің алғашқы пьесалар жинағының көшірмесі табылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көне жинақ драматургтің қайтыс болғанынан 400 жыл толу қарсаңында табылды. Бұл туралы Би-Би-Си агенттігі хабарлады.
Уильям Шекспирдің 1623 жылы шыққан бірінші жинағының (Алғашқы фолио) көшірмесін Оксфорд университетінің мамандары Шотландияның Бьют аралынан тапты.
Жинақ 1916 жылы Шекспир қайтыс болғанан кейін жеті жылдан кейін шыққан. Онда 36 пьеса бар, оның 18-і осы уақытқа дейін еш жерде жарияланбаған.
Атап айтқанда, кітапқа «Макбет», «Он екінші түн», «Юлий Цезарь», «Сізге қалай ұнаймын» және «Дауыл» пьесаларының алғашқы басылымдық нұсқасы енгізілген.
Бірінші бетінде ағылшын гравер-бейнелеушісі Мартин Друшауттың еңбегі - драматургтің белгілі портреті орналастырылған.
«Алғашқы Фолионың» таралымы мың данадан аспауы ықтимал. Бүгінгі күнге дейін осы басылымның 230 кітабы сақталған. Оның 79-ы Фолджер Шекспир кітапханасында сақтаулы.