Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шотландиядағы Еуропа Лигасы матчы алдында екі жанкүйерді пышақтап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Глазгода (Шотландия)  жергілікті "Рейнджерс" пен хорваттық "Осиеко" арасындағы Еуропа Лигасы  матчының алдында болған фанаттар арасындағы төбелес кезінде екі жанкүйер пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ТАСС.

Шотландиядағы Еуропа Лигасы матчы алдында екі жанкүйерді пышақтап кетті

Sky Sports жазуынша, келеңсіз оқиға "Рейнджерс" өз қарсыласын қабылдаған  "Айброкс" стадионы маңында болған.

Зардап шеккендердің бірі 40 жаста, ал екіншісі -24-те.Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полиция олардың жарақаты ауыр еместігін мәлім етті.

Ал ойын 1:1 есебімен аяқталып, алғашқы матчта ( 1:0) жеңіске жеткендіктен шотландиялық команда турнирдің екінші кезеңіне шықты.