Шотландиядағы референдумның алғашқы нәтижесі: ел тәуелсіздікке қарсы

АСТАНА.ҚазАқпарат - Шотландияның Клакманнаншир облысында тәуелсіздік туралы референдум нәтижесі анықталды, деп жазады Би-би-си.

Шотландиядағы референдумның алғашқы нәтижесі: ел тәуелсіздікке қарсы

Нәтиже бойынша облыс тұрғындарының 46 пайызы тәуелсіздік алғылары келетінін білдірсе, 54 пайызы қарсы болған.

Бұл елде өткізілген референдумның алғашқы нәтижесі. Бұдан соң 31 округтің дауыс беру нәтижелері анықталады.

Клакманнаншир - Шотландияның орталығында орналасқан шағын ғана аймақ. Оның тұрғындарының саны 40 мың адамнан аспайды. Дауыс беруге жұрттың 88%-ы атсалысқан.