Шотландиялық банкнотта алғаш рет король отбасына кірмейтін әйелдің суреті бейнеленбек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияның жаңа 10-фунттық банкнотында тұңғыш рет король отбасына қатысы жоқ әйел - ғалым Мэри Сомервилль (1780-1872) бейнелебек.
Оның ақшаға бейнесін енгізуді шотландиялықтардың басым бөлігі (4,1 мың) қолдаған. Бұл туралы Ұлыбританияның солтүстік аймағындағы тұрғындардың арасында сауалнама ұйымдастырған Шотландия Корольдік банкі (Royal Bank of Scotland, RBS) хабарлады, деп жазады ТАСС.
Сомервилльмен бірге банктің шорт-парақшасына шотландиялық инженер-құрылысшы және сәулетші Томас Телфорд (1757-1834) пен физик, математик, механик Джеймс Клерк Максвелл (1831-1879) енген.