13:55, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Шотландиялық ғалымдар ақырзаманның жаңа датасын атады
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Шотландиялық ғалымдар Жерде заман ақыры бир миллиард жылдан кейін болады деп есептейді.
Бұл туралы британдық БАҚ-қа сілтеме жасап, Утро.ру жазып отыр.
Мұндай мәлімдемені Сент-Эндрюсск университетінің сарапшылары жасады. Олардың зерттеулерінде ғаламшардың ақыры «әбден тозған» Күн одан сайын қыза түсетіндігінен болатыны айтылған.
Сонымен қатар, ғалымдардың айтуынша, Жер атмосферасында көмірқышқыл газы тым азая түседі. Аптап ыстықтың күшеюінен жаңбыр суы буланып, реакцияларға ұшырайды. Салдарынан өсімдіктер өледі, демек адамдар мен жануарлар да жер бетінен құриды.