Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шотландиялықтар Ұлыбритания құрамында қалуды қолдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландия тұрғындарының басым бөлігі Ұлыбритания құрамында қалуды қолдады. Сауалнама нәтижесі бойынша Лондон мен Эденбург одақтастығын шотландықтардың 54 пайызы қолдаған, деп жазады 24.kz.

Шотландиялықтар Ұлыбритания құрамында қалуды қолдады

Сондай-ақ 49 пайыз тұрғын Эденбург Лондонмен бірге болса экономикалық табысқа кенеледі деп сенген. Сауалнама Ю-Гов әлеуметтік қызметі және мыңдаған тұрғынның қатысуымен жүргізілген.

Бұған дейін Шотландияның бірінші министрі Никола Стержен елді корольдіктен бөліп алу үшін халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеген. Олардың мұндай бастаманы көтеруіне 23 маусымда Ұлыбританияның Еуроодақтан бөліну туралы шешімі себеп болған.