Шотландия премьер-министрі Хамза Юсаф отставкаға кетті

хамза юсаф
Фото: Humza Yousaf/Х

АСТАНА. KAZINFORM — Шотландия үкіметінің басшысы Хамза Юсаф осы аптада Шотландия парламентінде жоспарланған екі рет өзіне сенім дауыс берілуін күтпестен үкіметтік коалицияның ыдырауы себебімен отставкаға кетуге шешім қабылдады, деп хабарлайды ВВС.  

Биліктегі Шотландияның Ұлттық партиясы (SNP) мен Шотландия үкіметін бір жылдан сәл астам басқарған 39 жастағы Хамза Юсуф дүйсенбі күні таңертең Эдинбургте өткен баспасөз мәслихатында отставкаға кететінін мәлімдеді.

Жуырда Юсаф үкіметі парниктік газ қалдықтарының нөлдік деңгейіне жеделдетілген көшу бағдарламасынан бас тартты, осы себеппен SNP-ның коалиция бойынша серіктестері, жасылдар бұған наразылық ретінде одан шығып кетуді шешті.

Осыдан кейін Шотландияның консерваторлары мен лейбористері парламентте премьер-министрге сенім мәселесін бөлек көтеруге шешім қабылдады.

Бірінші дауыс беру сәрсенбіге жоспарланған еді.

SNP-ның өзіне көпшілік дауысқа ие болу үшін екі дауыс жетпей отыр: ол Ұлыбританиядағы Шотландия парламенті Холирудтағы 129 орынның 63-іне ие.

Хамза Юсаф бір жыл бұрын осы қызметтерді сегіз жыл бойы атқарған Никола Стердженді SNP жетекшісі және үкімет басшысы ретінде ауыстырды.

Стерджен күтпеген жерден шаршағанын айтып, отставкаға кететінін хабарлады. 

Юсаф партиялық сайлауда жеңіске жетіп, Ұлыбританиядағы жетекші партиялардың бірін басқарған алғашқы мұсылман болды.

Соңғы жаңалықтар