Шотландтық ерлі-зайыптылар лотереядан мол байлыққа кенелді

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - Шотландтық ерлі-зайыптылар еуропалық Euromillions лотереясынан 161 млн. фунт стерлингіден астам (€185 млн) ұтысқа ие болып, Ұлыбританияның ең бай мың тұрғынының қатарына енді,

Шотландтық ерлі-зайыптылар лотереядан мол байлыққа кенелді

деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Олар ұтыстарын Франция мен Ресейге сапарға жұмсамақ.

Глазго маңындағы шотландтық Ларгс қаласының тұрғындары Колин мен Крис Вейралар өткен сейсенбі күні Euromillions лотереясының басты бес номерін және қосымша екі санды дәл тауып, осы ұтыс ойынының жеті жылдық тарихында ірі ұтысқа ие болды.

Вейралар отбасы ұтыстан кейін Ұлыбританиядағы мың бай адамның ішінен тізімде 430-орынға шықты. Бұл туралы британдық Sunday Times газеті жазды. Олар бұл рейтингіде музыкант Ринго Старр мен Ресей олигархы Роман Абрамовичтің бұрынғы зайыбы Иринаны да артқа тастады.