Шотландықтардың дені Ұлыбританияның тұтастығына дауыс берді - Сауалнама қорытындысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландияның тәуелсіздігін қолдамайтындар қарсыластарына қарағанда 6 пайызға көп. «Ipsos Mori» қызметі жүргізген алдын ала сауалнама нәтижесі осыны көрсетті, деп жазады ИТАР-ТАСС.

Шотландықтардың дені Ұлыбританияның тұтастығына дауыс берді - Сауалнама қорытындысы

Сауалнама нәтижесі бүгін, елде референдум өтіп жатқанда жарияланды. Оны жүргізуге лондондық Evening Standard басылымы тапсырыс берген. Айта кету керек, «Ipsos Mori» компаниясы сауалнаманы 16-17 қыркүйекте жүргізген.

Ұлыбританияның тұтастығын сауалнамаға қатысқан шотландиялықтардың 53% қолдады. Ал 47% Шотландияның тәуелсіздік алуын жақтаған. Пайыздарды есептеген кезде қалыс қалған сауалнамаға қатысушылардың 4 пайыз дауысы есепке алынбады.

Ал, әлі де бір шешімге келе алмаған шотландықтар шамамен 10 пайыз. «Ipsos Mori» мәліметтеріне қарағанда, Шотландияның тәуелсіздік алуын қолдамайтындар, әлі шешім қабылдамаған отандастарын өз қатарларына қосылуға көндіре алады.

Сауалнамаға 16 жастан асқан 991 Шотландия тұрғыны қатысты.