Шоу-бизнес жұлдыздары өрт салдарынан Лондондағы Hilton қонақ үйінен қауіпсіз жерге шығарылды
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Лондонда 1,5 мың адам кеше болған өрт салдарынан танымал Park Lane көшесінде орналасқан Hilton бес жұлдызды қонақ үйінен қауіпсіз жерге көшірілді.
Бұл туралы жергілікті БАҚ ақпараттарына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлады.
Журналистердің айтуынша, өрт 28 қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан ас үйден басталып, лезде жертөле мен екінші қабатқа жеткен. Жалынды ауыздықтауға өрт сөндіру қызметінің 20 қызметкері жұмылдырылды. Полицияның айтуынша, қонақ үйдің қонақтары мен қызметкерлерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Сондай-ақ 1 шілде күні өткен музыкалық жүлде жеңімпаздарын марапаттау салтанатына жиналған қонақтар да қауіпсіз жерге шығарылды.