Шоумен қазақша әріптер туралы ән салды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Белгілі шоумен Дәуіт Шайхисламов қазақ әріптері туралы ән шығарды. Бұл туралы ол өзінің «Instagram»-дағы парақшасында хабарлады.

Шоумен қазақша әріптер туралы ән салды

Шоумен бейнебаянда қазақстандықтарды туған тілін меңгеруге, қазақша сөйлеуге шақырған.

«Бұл туралы идея канадалық әнші Kiesza «Hideaway» әнін тыңдаған соң келді. Мәтінді бар-жоғы 10 минутта жаздым. Достарым әнді жақсы бағалады», - деді шоумен.

Дәуіт аталған әнге бейнебаянды түсіруге 5 сағат уақыты кеткенін айтады.

Оған «Большая восьмерка» продакшн-студиясы мен Funky Town би тобы көмектескен.