Шови курортындағы көшкін: құрбандар саны артып, жоғалғандар іздестіріліп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат – Он үшінші күні көшкіннен мерт болған 26 мәйіт табылды. Жеті адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Шови курортындағы көшкін: құрбандар саны артып, жоғалғандар іздестіріліп жатыр
Фото: pixabay.com

Көшкіннен кейін он үшінші күні Грузияның Шови курортында қаза тапқандар саны 26 адамға жетті, тағы жеті адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Іздеу-құтқару жұмыстары апат болған орталықта да, Риони және Чанчахи өзендерінің аңғарында жалғасып жатыр.
Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар эпицентрдегі үйіндінің 90%-ын сүзіп шықты.
Іздеу жұмыстарына қосымша күш тартылып, ауыр және су техникасы жұмылдырылды.
Биліктің мәліметінше, Шови курортындағы жойқын көшкіннің себебі – бірнеше геологиялық және гидрометеорологиялық құбылыстардың бір уақыта сәйкес келуі.
Еске салайық, 3 тамызда Грузияның батысындағы Рача таулы аймағында болған көшкіннен Шови курорты толық жойылды.

Грузияның Шови курортында болған қайғылы жағдайға байланысты 7 тамыз елде қаралы күн болып жарияланды.