Ішіп жүрген асымыз сапалы ма – зертхана орталығынан репортаж

ас
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Елордада су, ауа, топырақ, тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларға санитарлық зерттеулер жүргізетін орталық бар. Мақсат – халық тұтынатын өнімдер мен азық-түліктің сапасын тексеріп, тиісті баға беру. Осы орайда Kazinform агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Сәуле Шәріпова айтып берді.

«Біздің мамандар жоғары технологиялық жабдықтың көмегімен адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін қауіпті элементтерді анықтайды. Зерттеулер арқылы қоршаған ортаны тұрақты органикалық және адам денсаулығын ластайтын улы элементтер мен диоксиндерді табамыз. Бұл көбінесе жануарлардан алынатын өнімдермен байланысты», – деді Сәуле Шәріпова.

Орталық басшысының айтуынша, орталықтың зерттеулері элементтердің сапасы мен санының нақты көрсеткіштерін анықтауға бағытталған. Себебі тағамда тұз бен қанттың артық немесе кем болуы, сондай-ақ, май мөлшерінің шамадан тыс болуы жүрек-қан тамырлары ауруларының, семіздік пен қант диабеті тағы басқа дерттің қаупін арттырады. 

ас
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Соңғы уақытта біздің мамандар мұздатылған тағамдардағы ылғалдылықтың жоғарылауын анықтап жатыр. Бұл денсаулыққа қауіпті емес, бірақ тұтынушы өнімдегі ақуыз, май және көмірсудың орнына құр суды сатып алады. Одан бөлек, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары сынамалар арқылы өнімнің қаптамада көрсетілген көрсеткіштерге салыстырмалы талдау жасайды», – деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының басшысы.

Сондай-ақ, орталық мамандары кең ауқымды зерттеу жүргізуінің арқасында халық денсаулығын сақтауда маңызды рөл атқарып отырғанын айтады. 

ас
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Айтпақшы, аталған орталықта отандық нарықта пайдалы және дұрыс тауар жасауға көмектесу үшін бизнес өкілдеріне арналған санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде шеберлік сыныптары өткізіледі. 

ас
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
ас
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform
Соңғы жаңалықтар