Шпекбаев пен «Әділдік жолы» бірлестігі кеңесінің төрағасы Салжанов ынтымақтастық меморандумына қол қойды ға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алаңында Алик Шпекбаев пен «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның басапсөз қызметіне сілтеме жасап.

Шпекбаев пен «Әділдік жолы» бірлестігі кеңесінің төрағасы Салжанов ынтымақтастық меморандумына қол қойды                                             ға қол қойды

Ынтымақтастықтың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру.

А.Шпекбаев атап өткендей, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке қоғамды кеңінен тарту ел басшылығы мен Агенттіктің негізгі басымдығы болып отыр.

Бұл – азаматтардың талаптарына және жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға жауап беретін қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі алғышарты. Жемқорлық – індет, оны жою бәрімізге ортақ міндет».

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бүгінде азаматтық қоғаммен сындарлы әріптестіктің үздік тәжірибесін көрсетіп отыр. Бұған «Адалдық алаңы», арнайы мониторингтік топтар, ақпараттық-ағартушылық штабтар, «Адал көмек» жобасы мен жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстары сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаларға тартылған 100 мыңға жуық қоғам өкілдері – еріктілердің қолдауы дәлел болды.

Өз кезегінде Исламбек Салжанов: «Сыбайлас жемқорлық біздің моральдық негіздерімізге кері әсерін тигізіп, әлеуметтік әділеттілігімізге нұқсан келтіретін және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін қоғам дерті. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізі сыбайлас жемқорлық орын алып жатқан оқиғаларға азаматтардың салғырт қарамауында», – деді.

Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлықты жою жолында әр қазақстандықтың қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.