Шпекбаев сыбайлас жемқорлық жиі кездесетін меморгандарды атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы кейбір мемлекеттік құрылымдарда 500-ден астам сыбайлас жемқорлық жағдайлары орын алды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық бастамалар конгресінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Егер де тікелей пара алған адам жауапқа тартылғанымен, алайда оның басшысына жауапкершілік тағайындалмаса, онда бұдан тиімділік өте төмен болады. Сондықтан да біз бүгінде қарамағындағы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлаққа жол бергені үшін басшының жекелей жауапкершілігін арттыруға басымдық беріп отырмыз. Жыл қорытындысы бойынша 500-ден астам жемқорлық әрекеттер жасалған құрылымдар бар екені анықталды. Бұл дегеніміз не? Бізде бір фактінің өзі төтенше оқиға болып табылады. Жүздеген фактілер болғанымен, ешбір басшы жазаға тартылмаған»,-деп тоқталды Шпекбаев.

Оның сөзіне қарағанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінде, Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде, Ішкі істер министрлігінде, сондай-ақ әкімдіктерде сыбайлас жемқорлық жиі кездеседі.

Шпекбаевтың пайымынша, мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық жүйелі түрде байқалса, онда жауапкершілікке басшы да тартылуы тиіс.

Осы орайда ол жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында алдын алу шараларының бірі мемлекеттік аппаратты қысқарту болып табылатынын атап өтті. Бұның есебінен еңбекақының көлемін арттырған дұрыс.

Егер де мемқызметкерлердің 35 пайызы қысқартылса, онда әкімшілік шығындарды да үнемдей отырып, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын екі есеге арттыруға мүмкіндік болады. 

Соңғы жаңалықтар