10:07, 19 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Шри-Ланкада екі пойыз соқтығысты
АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шри-Ланка астанасы - Коломбоның маңында екі пойыз соқтығысты. Оқиға салдарынан 3 адам мерт болып, 27-сі әртүрлі жарақат алды. Бұл туралы жергілікті құқық қорғау органдары хабарлады.

Қаза болғандардың арасында Франция азаматы бар. Бірақ кім екені хабарланбаған. Сондай-ақ пойыздардың бірінің машинисі мен көмекшісі көз жұмған. Полиция оқиғаның жай-жапсарын тексеруде, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.