Шри-Ланкада қарттар үйіндегі өрттен 12 адам көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM — Шри-Ланканың батысындағы қарттар үйінде болған өрттен 12 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды Синьхуа.

өрт
Фото: pexels

Шри-Ланканың Батыс провинциясындағы қарттар үйінде болған өрттен 12 адам қаза тапты.

Жергілікті полицияның мәліметінше, өрт 3 маусым күні кешке Хорана қаласының Ангуруватота ауданындағы қарттар үйінде шыққан.

Құтқарушылар 44 адамды эвакуациялап үлгерді. Зардап шеккен 7 адам қажетті медициналық көмек көрсету үшін жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, тағы үш адам із-түзсіз жоғалғандар қатарына енді.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.

Айта кетейік, Өскемен қаласының орталық көшелерінің бірінде ауқымды өрт шықты.