21:41, 06 Ақпан 2011 | GMT +5
Шри-Ланкада нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына айналды
АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Шри-Ланканың солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбырдың соңы су тасқынына әкеп соқты. Билік орындарының хабарлауынша, табиғи апаттан 5 адам қаза тапқан және 2 адамның өлі-тірісі беймәлім, деп хабарлайды РБК.
Бұлар тасқын ғана емес, лай-көшкіндерінің де құрбандары. Шри-Ланканың Апаттармен күрес жөніндегі мемлекеттік орталығының хабарлауынша, 80 мыңнан астам адам өз үй-жайларын тастап кетуге мәжбүр болған. Олар бүгінде уақытша паналау лагерьлерінде мекендеуде. Барлығы осындай 322 лагерь пайда болған. Су тасқыны жарты миллион адам тұратын аудандарға жайылды.