Шри-Ланкада жанып жатқан қоқыс үйіндісі құлап жиырмаға жуық адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шри-Ланка астанасының солтүстік-шығысында қоқыс үйіндісі құлап, 20-ға жуық адам қаза тапты, деп хабарлады Коломбо полициясына сілтеме жасап ТАСС.
Құқық қорғау органдарының деректеріне сәйкес, биіктігі 91 метрден асатын салмағы бірнеше мың тонна қоқыс өртенген Колоннавал кварталында құтқару жұмыстары аяқталды. Үйінді арасынан 21 адам табылды. Үшеуі хабар-ошарсыз жоғалғандар, 40-тан астам адамды күйік шалды. Коломбо ұлттық ауруханасында екі зардап шеккен адам ауыр халде жатыр.
Полиция апат ауданында ұрлық туралы хабарлама түскеннен кейін торуылдауды күшейтті. Күдікті 18 адам тұтқындалды. 145 үй қирады, жүздеген құрылыс ішінара зақымданды. 400-ден астам әскери қызметші тазалау жұмыстарын жүргізуде. 600-ден астам адам мектепке орналастырылды.