Шри-Ланкадағы көшкіндер 180-ге жуық адамды баспанасыз қалдырды, апат құрбандары да бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шри-Ланкада жүрген көшкін салдарынан жеті адам қаза тапты, оның арасында екі жасар бала болған, 180-нен астам адам баспанасыз қалған, деп хабарлайды сенбі күні жергілікті полицияға сілтеме жасаған Hindu басылымы.
None
None

Аралдың оңтүстік бөлігін су басып, көшкіндердің жүруіне нөсер жаңбырлар себеп болды.

Кейбір аудандарда 100 миллиметрден астам жауын-шашын түсетіні күтіліп отыр.

Ел астанасы Коломбо қаласында адам көп жүретін бірқатар көшені су басқан.

Шри-Ланкада муссон жаңбырларының маусымы мамырдан қарашаға дейін жалғасады, табиғи апат көптеген адамдардың өмірін қиып, ел экономикасына айтарлықтай шығын келтіреді.

2014 жылдың қазанында Шри-Ланкада болған көшкіндер салдарынан кем дегенде 16 адам мерт болды, 300 адамның жоғалып кеткені туралы хабарланған, деп жазады РИА Новости.

Соңғы жаңалықтар