Шри-Ланкадағы жаңа қақтығыстарда 49 адам мерт болды

МӘСКЕУ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Шри-Ланканың өкімет орындары елдің солтүстігіндегі жаңа қақтығыстардың нәтижесінде 49 бейбіт тұрғын қаза болғанын, жүздеген адам жараланғанын мәлімдеді.
None
None
Бұл мәліметтерді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.Бұдан бұрын жанкешті-лаңкес елдің оңтүстігіндегі Аккурас қаласында мешітте өзін жарып жіберіп, телекоммуникация министрі жараланған еді. Құқық қорғау органдары лаңкестікті «Тамил Иламды босату жолбарыстары» сеперативтік тобының белсенділері ұйымдастырды деп пайымдайды.
Соңғы жаңалықтар