Штаттық ұлттық командалар дирекциясы бапкер М.Әбжановтың Азиададан шығарылуына түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясында ушудан бапкер Медет Әбжановтың Инчхондағы Азиададан шығарылуына байланысты түсініктеме берді.

Штаттық ұлттық командалар дирекциясы бапкер М.Әбжановтың Азиададан шығарылуына түсініктеме берді

«Осыған дейін Қазақстанның бірқатар БАҚ-тарында Әбжановтың тарапынан волонтер қызға тиісу әрекеттері орын алған деп хабар тараған болатын. Осыған байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Алайда Ойындарды ұйымдастыру комитетінің тарапынан Қазақстанның ресми делегациясы мен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне жазбаша арыздар түскен жоқ», - делінген Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резерв дирекциясының ресми хабарламасында. Сондай-ақ аталмыш дирекцияда Қазақстан Республикасының ушудан мемлекеттік бапкері Медет Әбжанов ШҰК және СР дирекциясының директоры К.М.Жанпейісовтің бұйрығымен Қазақстанға XVII жазғы Азиада ойындарының олимпиадалық ауылынан спорттық режим мен осы ауылда тұру ережелерін бұзғаны үшін қайтарылғанын айтты.