Штаттық ұлттық командалар мен спорттық қор дирекциясына жаңа басшы тағайындалды
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Штаттық ұлттық командалар мен спорттық қор дирекциясының жаңа директоры тағайындалды.
ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің бұйрығымен бұл қызметке Болат Қырықбаев келді, деп хабарлайды Штаттық ұлттық командалар мен спорттық қор дирекциясының баспасөз қызметі.
Болат Наурызбайұлы Қырықбаев 1961 жылы 26 наурызда туған. Ол күрестің үш түрінен КСРО-ның спорт шебері, «Құрмет» орденінің иегері, педагогика ғылымдарының кандидаты. Оның соңғы лауазымы - Оңтүстік Қазақстан облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы. Дирекцияның бұрынғы басшысы Қайыргелді Жанпейісов өз өтінішімен қызметінен босатылды.