Штутгарт әуежайы тексеруден өтпей қалған 20 мың затты таратып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Штутгарт әуежайы тексеруден өтпей қалған 20 мың бұйымды қайырымдылық ұйымдарына үлестіріп берді. Бұл туралы DPA агенттігі хабарлады.

Штутгарт әуежайы тексеруден өтпей қалған 20 мың затты таратып жіберді

«Әуежайдағы тексеріс кезінде ұшақ бортына жіберуге болмайтыны анықталған заттардың барлығы қайырымдылыққа жіберілді», - дейді әуежай өкілдері.

Олардың ішінде негізінен сұйытылған әтір-опа, сусындар, соустар, жұмсақ ірімшік, мармелад, шоколад пастасы, т.б. заттар бар.

Штутгарт - Германияның оңтүстік-батысындағы ең ірі әуежай. 2018 жылы ол 10 миллион жолаушыға қызмет көрсетіп үлгерген.