Шу ауданының 57 жасар тұрғынынан 1,2 тонна кептірілген марихуана табылды

Шу ауданының құмды аумағында марихуана дайындаумен айналысатын 29 жасар Балқаш қаласының тұрғынын ұстады. Одан 725 келі есірткілік заттар тәркіленді. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Оның деректеріне қарағанда, тәртіп сақшылары есірткімен күреске бағытталған арнайы шаралар барысында Шу ауданының Таскөл алқабында 57 жасар ер азаматты ұстап, одан 1,2 тонна кептірілген марихуана табылды. Ал көлік полициясы Жамбыл облысының аумағында Тараз қаласының 42 жасар азаматын ұстап, одан 300 келі кептірілген марихуана алынды. «Шымкентте ірі есірткі тасымалдаушы ұсталды. 54 жасар азамат келі 150 гашишті саудалау үстінде қолға түсті. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды», деді Қ.Жұманов.