Шу қаласының тұрғыны Астанаға 70 келі марихуана әкелген
АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 қазан күні күндізгі 15-00 шамасында «Астана - есірткісіз қала» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, сонымен бірге, республикалық «Көкнар» ЖАШ барысында елорданың ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 34 жастағы Шу қаласының тұрғынын ұстады. Одан салмағы 70 келі болатын марихуана тәркіленді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 259-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.
Қазір Астана қаласының ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткінің қайдан жеткізілгенін және ұсталған адамның осы қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтау үшін арнайы жедел іздеу шараларының кешені өтуде.
Ұсталған адам Астана қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жыл басынан бері Астана қаласының ІІД қызметкерлерімен есірткіге қатысты 170 қылмыс ашылды. Олардың ішінде 98 фактісі есірткіні өткізуге қатысты. Заңсыз айналымнан 140 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі. Оның ішінде 23 келісі - героин.