13:24, 29 Қазан 2015 | GMT +5
Шу облысында ер адам 3,5 келі марихуанамен қолға түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шу ауданында өзімен бірге 3,5 келі есірткі алып жүрген ер адам ұсталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы үкіметінің жанындағы есірткіні бақылау жөніндегі мемлекеттік қызметі бейсенбіде мәлім етті, деп хабарлайды КирТАГ.
Сонымен, 2015 жылғы 28 қазанда МЕБҚ қызметкерлері Алматинская-Объездная көшелерінің қиылысында жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Алмаундун ауданы Ленинское ауылындағы «777» дәмхана маңынан есірткі затын заңсыз тасымалдады деген күдікпен «ВАЗ-2111» маркалы автомашинаны тоқтатады.
Көлікті тексеру барысында жүк салғыштан ақ түсті синтетикалық қап табылып, тәркіленді. Оның ішінде Қырғызстан Республикасының 1985 жылы туылған азаматы - осы көліктің жүргізушісіне тиесілі кендірдің иісі бар қошқыл-жасыл түсті ұнтақ табылды.
МЕБҚ сараптау-криминалдық бөлімінің мамандары жүргізген сараптама нәтижесінде тәркіленген зат салмағы 3 келі 590 грамм кептірілген «марихуана» екендігі анықталды.