«Шуақты қала» халықтық серуені керемет мерекелік көңіл күй сыйлайды
Үрмелі және халықтық аспаптар оркестрі өз өнерлерін көрсетеді. Джаз, дәстүрлі түркі музыкасынан бөлек: «SaxJam» вокальды аспаптар ансамблі, «Хуун-Хуур-Ту» этно-тобы, «Шыңдауыл» және «Сазген Сазы» ансамбльдері, «Терра» театр-шоуы, «Астана Самалы» үрмелі аспаптар және «Серпер» халық аспаптары оркестрлері және басқалар сахнаға шығады.
Кешке танымал қазақстандық орындаушылар «Эстрадалық марафонына» қатысады. Астаналықтар мен қала қонақтары алдында «МузАрт», «Бәйтерек», «АСТ», «Ринго», «Жігіттер» топтары, «Трайбл» би ұжымы, Жолбарыс Сейфуллин, Алтынай Жорабаева, Алмас Кішкенбаев, Бейбіт Қорған, Мәдина Сәдуақасова, Қайрат Нұртас және басқалар өнер көрсетеді.
Концерттік бағдарламалардан басқа келушілер:
- «Мейрамханаларда»: шығыс және еуропа ас үйін;
- «Аттракциондарда»: балалардың тау қалашығы, «Скалодром», «Тайғанақ футбол», «Гладиатор ұрысы», «Родео», «Segway», «JollyJumper»;
- «Би алаңында»: сальсатека, брейк-дэнс, латынамерикасы биі бойынша шеберлік дәрістерін; арқан тарту, спорттық байқауларды, т.б.;
- «Жәрмеңкеде»: халық тұтынатын тауарларды;
- «Арт-зонада»: пленэр, жәрмеңке-көрме, қолданбалы өнер дәрістерін, аква-гримм, шаржшы, тағы басқаларды;
- «Салада»: қазақстандық эстрада жұлдыздарының эстрадалық марофонын тамашалай алады.
Мереке ауқымды отшаумен аяқталады.