ШҰАӨ-де сегіз лаңкес өлтірілді

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - ҚХР-да Шыңжаң-Ұйғыр автономикалық өлкесінің (ШҰАӨ) солтүстік-батысында зомбылық жасап, бірқатар лаңкестік шабуыл және қылмыстар жасағаны үшін сегіз адам өлтірілді.
None
None

Қылмыскерлерге бес әртүрлі әрекеттер - Бейжіңдегі Тяньаньминь алаңында лаңкестік акті жасағаны, Ақсуда полицей учаскесіне шабуыл жасағаны, заңсыз жарылғыштар жасағаны және Қашғарда қасақана кісі өлтіргені, сондай-ақ лаңкестік ұйым құрып, мемлекеттік шенеуніктерді өлтіргені, Хотанда полицей учаскесін өртегені үшін ең жоғары өлім жазасына үкім шығарылды.

Еске сала кетейік, 2013 жылғы 28 қазанда Тяньаньмин алаңында лаңкестік акті болды. Лаңкес басқарған жол талғамайтын машина тұрған адамдарды басып өтіп жарылған, соның салдарынан алты адам өліп, 39-ы жараланды. Қытай билігі 22 мамырда Үріңмші базарларының бірінше болған лаңкестіктен кейін лаңкестікке қарсы бір жылдық науқанды бастады. Ол кезде бірнеше жарылыс салдарынан 39 адам өліп, 94-і жарақаттанған болатын.

Шыңжаңның жергілікті судьялары 5 мамырда лаңкестік ұйымдарды құрғаны немесе басқарғаны, қасақана кісі өлтіріп, өрт салғаны үшн 12 адамға өлім жазасын берді, тағы 69 адамға өмір бойы түрмеде отыруға және әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалды.

Еске сала кетейік, ШҰАӨ-де Шыңжаңды ҚХР-дан бөліп әкету үшін күресіп жатқан «Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы» экстремистік ұйымы әрекет етеді. Қытайда лаңкестік ұйым деп танылған бұл заңсыз қарулы құрылым Шыңжаңда және ҚХР-дың басқа да аудандарында бірқатар шабуылдар жасады, оларда құқық қорғау органдары қызметкерлерімен қатар бейбіт тұрғындар құрбан болды.

Қытай билігі 2009 жылғы Үрімшідегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы» жауапты деп санайды. Ол кезде 197 адам қаза тапты, 1700-ден астамы жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар