Шұбаркөл көлі түбінен метеорит сынықтары шығарылды
АСТАНА. 29 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шұбаркөл көлі түбінен болжамды 6 метеорит сынығы шығарылды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Су асты операциясын жүзеге асырған Арнайы жұмыстар қызметі бас директорының атап өтуінше, табылған метеорит сынықтары ғалымдарға табыс етілген. Ал мамандар аталған сынықтардың меторитке қатысы бар-жоқ екендігіне нақты қорытынды шығаратын болады.
Еске салайық, 15 ақпан күні таңертең, жергілікті уақыт бойынша сағат 09.23-те Челябі облысының тұрғындары сирек астрономиялық құбылыстың куәсі болды. Өңір аумағына метеорит құлады, соққы толқыны тұрғын үйлердің, өнеркәсіптік ғимараттардың 100 мың шаршы метрден астам шыныларын сындырды. Оқиға салдарынан 1 мыңнан астам адам зардап шекті.
Дабыл бойынша 20 мыңнан астам жеке құрам аяқтарына тік тұрғызылды, аспан денесінің қалдықтарын іздестіруге бірнеше тікұшақ жұмылдырылды. Көп ұзамай метеориттің бөлшектері табылды.