Шучье көлінде бір отбасы түгелдей суға кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярскіде Щучье көлінде бір отбасы суға батып кетті. Әкесі, анасы, екі баласы моторлы қайықпен серуендеп жүрген. Отағасы рульді басқара алмай, қайық аударылып кетті.
Ер адам 39 жаста, жұбайы 30 жаста, ал балалары 7-8 жаста, деп хабарлады ТАСС.
Олардың мүрдесі әзірге табылған жоқ. Сүңгуірлер іздеуді жалғастыруда.