14:34, 09 Қаңтар 2024 | GMT +5
Щучье қаласында өртенген үйден 10 адам эвакуацияланды
Ақмола облысының Щучье қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 10 адам эвакуацияланды, оның 4-еуі бала, деп хабарлайды Kazinform.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 8 қаңтарда сағат 18:41 болған.
«Қызыл жалын 9 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт 19:04-те оқшауланып, 19:06-де толық сөндірілді. Оны сөндіруге Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 12 адам және 3 бірлік техникасы тартылды. Құтқарушылар баспалдақ арқылы 10 адамды, оның ішінде 4 баланы эвакуациялады. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.
Айта кетсек, Ақмола облысында өртенген үйден екі адамның мәйіті табылғанын жазған едік.