Щучинскідегі оңалту орталығынан өрт шығып, 27 науқас эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Щучинскідегі оңалту орталығынан өрт шықты. Құтқарушылар мекемеден 27 науқасты эвакуациялады, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Щучинскідегі оңалту орталығы
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, өрт үш қабатты ғимараттың 2 қабатындағы қызмет көрсету палатасынан шыққан. Плафонның қысқа тұйықталуынан 1 шаршы метр жер өртенген.

Зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.

Осыған дейін Павлодарда жер үй өртеніп, 40 жастағы ер адам көз жұмғанын жаздық.

Оқиға орнына барған өрт сөндірушілер ғимарат ішінен 1984 жылғы ер адамның мүрдесін тапты.